SITEK | Мансап

Біз мамандарды жалдаймыз

SITEK үшін

SITEK командасы

Кадрлар бөлімі

SITEK басты құндылығы - оның қызметкерлері. Біздің командада жұмыс істеу - бұл кәсіби және жеке бас жағынан  өз бетінше жетілу мүмкіндіктеріне ие болу, өз алдына жаңа мақсаттарды қойып, оларды біртіндеп жүзеге асыруға ұмтылу.

Өзіңіздің түйіндемеңізді жібере аласыз. Біз тұрақты және болашақ жобаларымыз үшін үнемі инженерлерді іздеудеміз

Жұмыс кестесі

  • Дүйсенбі - Жұма: 09:00 - 18:00
  • Сенбі, Жексенбі: Демалыс күндері

SITEK командасының бірі бол

Біз білікті, өз күшіне сенетін, өмірдегі өз орнын таңдай білетін құзыретті қызметкерлерді іздейміз!


БОС ОРЫН


Оқу және персоналды дамыту маманы

Тек Қазақстан Республикасы азаматтары қарастырылады

Міндеттері:
  • · Қызметкерлердің кәсіби оқытуы мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру (дайындау, қайта даярлау);
  • · Ұйым қажеттіліктеріне және бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес оқыту жоспарларын әзірлеу;
  • · Оқу орындарымен байланыс орнату, сыртқы тренерлердің жұмысын ұйымдастыру және қадағалау;
  • · Оқыту кестелерін дайындап, олардың орындалуын бақылау;
  • · Жаңа және ауыстырылған қызметкерлерге арналған onboarding бағдарламаларын әзірлеу және өткізу;
  • · Заманауи оқыту әдістері мен цифрлық құралдарды енгізу;
  • · Оқыту нәтижелерін тесттер, сұхбаттар және емтихандар арқылы бағалау;
  • · Тиісті оқыту әдістерін таңдап, топтарды қалыптастыру;
  • · Бөлім басшыларымен бірлесе отырып оқыту қажеттіліктерін анықтау;
  • · Оқу бағдарламаларын әзірлеу, үйлестіру және іске асыруға жауапты болу;
  • · Оқу материалдары мен таратпа құралдарды дайындау;

Талаптар:
  • · Жоғары білім және осыған ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл тәжірибе;
  • · Офистік техника және IT құралдарымен жұмыс істей білу;
  • · Оқытудың толық циклын жүргізу тәжірибесі;
  • · Коучинг, тәлімгерлік және электрондық оқыту тәжірибесі;
  • · Оқытудың тиімділігін бағалай білу және қызметкерлердің нәтижесіне әсер ету.

Тоқтату кезінде электр жұмыстары бойынша үйлестіруші (жерүсті/теңіз кешені)

Тек Қазақстан Республикасы азаматтары қарастырылады

Міндеттері:
  • · Жобаның орындалуын, мерзімдерін, көлемі мен жұмыстың сапасын бақылау.
  • · Жобаны іске асыру кестелерін (ҚМЖ, ЖЖЖ, тоқтатулар) дайындау және жаңарту.
  • · Келісімдер мен жиналыс хаттамалары негізінде келісілген мерзімдердің орындалуын уақтылы қадағалау.
  • · Жобалық топтан алынған деректер негізінде есептерді жинау, талдау және дайындау.
  • · Өндірістік бригадаға тапсырмалар беру, қажетті рұқсат құжаттарымен қамтамасыз ету.
  • · Күрделі мәселелер бойынша далалық бригадаларға техникалық қолдау көрсету.
  • · Жұмыс орындарын аралау, ықтимал қауіптерді анықтау және еңбек жағдайларын жақсарту бастамаларын ұсыну.
  • · Көтеру жабдықтары мен ілеспе ресурстарға өтінімдерді ұйымдастыру.
  • · Қызметкерлерді қажетті материалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етуді бақылау.
  • · Жұмыс құжаттамасымен жұмыс істеу, электрмонтаж және КИПиА жұмыстарының барлық кезеңдерін бақылау.
  • · Тапсырыс берушімен күнделікті жиналыстарға қатысу.
  • · Жұмыс топтарын құру және басқару, кадр бөліммен персоналды жұмылдыруды үйлестіру.
  • · Кедергілерді жою және кідірістердің салдарын азайту бойынша жоспар әзірлеу.
  • · Жергілікті мамандарды оқыту мен аттестациялауға қолдау көрсету.
  • · Арнайы жұмыстарды орындауға дайындық кезінде ЕҚ, ӨТ және ҚҚ бөлімшелеріне қолдау көрсету.
  • · Тәуекелдерді бағалауға және қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға қатысу.
  • · Электрмонтаж, жөндеу, жабдықты дәл баптау және іске қосуды жүзеге асыру үшін жауапкершілік.

Талаптар:
  • · Жоғары немесе орта техникалық білім (міндетті түрде "Электрика" мамандығы бойынша).
  • · Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • · Өндірістік процесті ұйымдастыру және персоналды басқару принциптерін жақсы меңгеру.
  • · Жобалық және техникалық құжаттаманы еркін оқу және онымен жұмыс істеу.
  • · Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен талаптарды білу.
  • · Бақылаушы органдармен және мердігер ұйымдармен жұмыс тәжірибесі.
  • · Стрестік жағдайларға төзімділік және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдай білу.
  • · Іскерлік хат алмасу және келіссөз жүргізу дағдылары.
  • · ДК-ні, Excel, MS Project және жоспарлау мен есеп беру бағдарламаларын сенімді пайдалану.