ЭТЛ Инженері

  1. Бос орындар саны: 1
  2. Жұмыс аймағы: Атырау облысы
  3. Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыс күні, вахталық жұмыс әдісі
  • Тапсырыс беруші объектілерінде (Батыс Ескене) электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеуге қатысу
  • Релелік қорғаныс және автоматика (РҚА) жүйелерін қызмет көрсету және тексеру
  • Жоғары кернеулі сынақтар жүргізу және электр жабдықтарын диагностикалау
  • Күштік трансформаторларды, тарату құрылғыларын, генераторларды, электр қозғалтқыштарын, кабельдік және әуе желілерін техникалық қызмет көрсету
  • Үздіксіз қуат көздерін (ҮҚК) және апаттық электрмен жабдықтау жүйелерін қызмет көрсету
  • Жерге қосу және найзағайдан қорғау жүйелерін қызмет көрсету
  • Трансформатор майын тазалау, кептіру және талдау жүргізу
  • Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) мерзімдік сынақтан өткізу
  •  Жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
  •  Нормативтік талаптар мен тапсырыс берушінің ішкі рәсімдеріне сәйкес орындалған жұмыстардың сапасын бақылау
  •  Техникалық құжаттама мен есептілікті жүргізу және рәсімдеу
  • Талаптар:
  • Бейіндік техникалық білім (электр энергетикасы / электротехника)
  • Батыс Ескене объектілерінде жұмыс тәжірибесінің болуы
  • Релелік қорғаныс және автоматика (РҚА) саласында терең білім
  • РҚА құрылғыларын тексеру, сынақтан өткізу және баптау бойынша тәжірибе
  • Жоғары кернеулі сынақтар жүргізу және электр жабдықтарын диагностикалау тәжірибесі
  • Нормативтік талаптар мен стандарттарды білу (IEC стандарттарын білу артықшылық болып табылады)
  • Электр қондырғыларында техникалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптарын білу
  • Қолданыстағы электр қауіпсіздігі бойынша куәліктің болуы (рұқсат тобы IV-тен төмен емес)
  • Электр техникалық зертхана (ЭТЗ) жұмыстарын орындауға арналған тиісті сертификаттар мен рұқсаттардың болуы
  • Permit to Work (PTW), LOTO рәсімдері бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн
  • Жуапкершілік, тәртіптілік, қатаң қауіпсіздік талаптары жағдайында жұмыс істей білу

Егер сіз қызығушылық танытсаңыз,
өтінеміз, түйіндемеңізді жіберіңіз

recruiter@sitekcaspian.com

Техник Электрик

  1. Бос орындар саны: 1
  2. Жұмыс аймағы: Атырау облысы
  3. Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыс күні, вахталық жұмыс әдісі
  • Электр желілері, жабдықтар мен құрылғыларға олардың толық ресурсын қалпына келтіруге, сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Тозған және ескірген электр желілері мен жабдықтарды демонтаждап, оларды кейіннен ауыстыру немесе жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.
  • Күрделі жөндеу аясында жаңа электр желілері мен жабдықтарды монтаждайды.
  • Жабдықтардың негізгі тораптары, агрегаттары және электрлік бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, кешенді қалпына келтіру жұмыстарын орындайды.
  • Жабдықтардың тозу және істен шығу себептерін анықтап, оларды жою және алдын алу шараларын қабылдайды.
  • Жұмыстардың жобалық құжаттамаға, техникалық шарттарға, нормативтер мен күрделі жөндеу нұсқаулықтарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Күрделі жөндеуден кейін жабдықтарды баптау, реттеу және сынақтан өткізуді жүзеге асырады.
  • Ішкі еңбек тәртібі ережелерін және белгіленген жұмыс режимін сақтайды.
  • Жөндеу жұмыстарын орындау барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды.
  • Талаптар:
  • Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, электр жабдықтарын күрделі жөндеу саласында тәжірибесі болғаны жөн.
  • Электр энергетикасы немесе ұқсас бағыт бойынша орта арнайы немесе жоғары білім.
  • 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында жұмыс істеуге рұқсаттың болуы.
  • Электр желілері мен жабдықтарын күрделі жөндеу технологиялары мен рәсімдерін білу.
  • Жарылысқа қарсы қорғаныс (Ex) бойынша сертификаттарының болғаны құпталады.
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және техникалық нормативтерді жақсы білу.
  • Вахталық әдіспен жұмыс істеуге дайындық (21/21 кестесі).

Егер сіз қызығушылық танытсаңыз,
өтінеміз, түйіндемеңізді жіберіңіз

recruiter@sitekcaspian.com