SITEK | Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз


Барша SITEK ұжымын ауыр оқиғасыз және жұмыс уақытын жоғалтпай (Lost Time Incidents) 3,5 миллион адам - сағатқа немесе 4 жылдық жұмысына жетуімен құттықтаймыз. Бұл көрсеткiш саладағы ең маңызды және ең жақсы қауіпсіздік көрсеткіші. Әсіресе, жұмыс 6 түрлі жерде және 14 пәнаралық жобада - құрлықта да, теңізде де жүргізілгенін ескеру қажет. Қауіпсіздіктің жақсы көрсеткіштері мен ерекше эксплуатация белгiлерi бір-бірімен өте тығыз байланысты және SITEK екеуін де тамаша ұстанады. Біздің алдымызда жаңа мақсаттар тұр, сол салауатты тәжірибені жалғастырайық!

Quanergy Жүйелік интегратор


«SITEK » ЖШС АҚШ-тың Quanergy Technologies Ltd компаниясымен келісімге қол қойды. Quanergy - бұл LiDAR технологиясы мен 3D үш өлшемді сипаттауды дамыту саласындағы әлемдік көшбасшы. Компания қоршаған ортаны үш өлшемді түрде сипаттау үшін қолданылатын соңғы патенттелген лазерлік сенсорларды шығарады. Нақты уақыттағы 3D сипаттау көптеген салаларды автоматтандыруды жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі. LiDAR автономды автокөліктер, ақылды қалалар және жалпы қауіпсіздік индустриясы саласындағы ең соңғы технологиялық даму жетістігі ретінде қарастырылады.

TrackSeal-пен айрықша келісім


«SITEK » ЖШС Австралиялық TrackSeal Ltd Pty компаниясымен бірегей келісімге қол қойды. TrackSeal компаниясы RFID, RTLS және GPS стандартты аппараттық құралдарына арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге, активтерді басқаруға, жұмыс ресурстарын түгендеуге және бақылауға арналған автоматтандырылған шешімдер жасауға маманданған. Құнды активтерді RFID белгілеу қауіпсіздік мәселелерін шешеді және активтер мен қорлардың қозғалысын есепке алу мен бақылауды автоматтандырады.

LogicLadder-мен серіктестік келісім


«SITEK » ЖШС Үндістандық LogicLadder Technologies Private Limited компаниясымен серіктестік туралы келісімге қол қойды. LogicLadder - бұл қоршаған ортаны, шығарындылар мен ластануларды және тұрақты даму көрсеткіштерін бақылау және талдау саласындағы аппараттық, бағдарламалық жасақтама және бұлтты платформалардың танымал әзірлеушісі. LogicLadder платформасы бұл нақты уақыт режимінде ластану көлемі мен көздері туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және есеп беруге мүмкіндік беретін экологиялық есеп беру алаңы. Аппараттық және желілік компоненттерден тәуелсіз жүйелік архитектура кез-келген байланыс құралдарын қолдана отырып, кез келген дереккөзден кіріс деректерін жинауға көмектеседі. Бұлтты платформа ірі ластаушы кәсіпорындарға ластаушы заттардың көлемін мөлшерлеуге және басқаруға, сонымен қатар жергілікті және халықаралық нормативтерге сәйкестік туралы есептерді автоматтандыруға көмектеседі.