ЭТЛ Инженері
- Бос орындар саны: 1
- Жұмыс аймағы: Атырау облысы
- Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыс күні, вахталық жұмыс әдісі
- Тапсырыс беруші объектілерінде (Батыс Ескене) электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеуге қатысу
- Релелік қорғаныс және автоматика (РҚА) жүйелерін қызмет көрсету және тексеру
- Жоғары кернеулі сынақтар жүргізу және электр жабдықтарын диагностикалау
- Күштік трансформаторларды, тарату құрылғыларын, генераторларды, электр қозғалтқыштарын, кабельдік және әуе желілерін техникалық қызмет көрсету
- Үздіксіз қуат көздерін (ҮҚК) және апаттық электрмен жабдықтау жүйелерін қызмет көрсету
- Жерге қосу және найзағайдан қорғау жүйелерін қызмет көрсету
- Трансформатор майын тазалау, кептіру және талдау жүргізу
- Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) мерзімдік сынақтан өткізу
- Жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
- Нормативтік талаптар мен тапсырыс берушінің ішкі рәсімдеріне сәйкес орындалған жұмыстардың сапасын бақылау
- Техникалық құжаттама мен есептілікті жүргізу және рәсімдеу
- Талаптар:
- Бейіндік техникалық білім (электр энергетикасы / электротехника)
- Батыс Ескене объектілерінде жұмыс тәжірибесінің болуы
- Релелік қорғаныс және автоматика (РҚА) саласында терең білім
- РҚА құрылғыларын тексеру, сынақтан өткізу және баптау бойынша тәжірибе
- Жоғары кернеулі сынақтар жүргізу және электр жабдықтарын диагностикалау тәжірибесі
- Нормативтік талаптар мен стандарттарды білу (IEC стандарттарын білу артықшылық болып табылады)
- Электр қондырғыларында техникалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптарын білу
- Қолданыстағы электр қауіпсіздігі бойынша куәліктің болуы (рұқсат тобы IV-тен төмен емес)
- Электр техникалық зертхана (ЭТЗ) жұмыстарын орындауға арналған тиісті сертификаттар мен рұқсаттардың болуы
- Permit to Work (PTW), LOTO рәсімдері бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн
- Жуапкершілік, тәртіптілік, қатаң қауіпсіздік талаптары жағдайында жұмыс істей білу
Егер сіз қызығушылық танытсаңыз,
өтінеміз, түйіндемеңізді жіберіңіз